Бүгін Қазасқтан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев және наиб имам Назирхан Ташходжаев Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Базар қақпа тұрғын алабында Ю.Сареми көшесінде орналасқан «Базар Қақпа» мешітінің жамағатымен кездесті. Кездесу барысында Базарқақпа тұрғын алабындағы жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Бұған дейін осы орында мешіт болған әрі әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Жамағаттың жыл санап көбеюіне байланысты мешітті заман талабына сай жаңарту немесе басынан салу керек болды дейді мешіт молдасы Игамназаров Исмаил.

2008 жылдан бері  Базар қақпа мешітінде діни қызмет атқарып келе жатқан Исмаил ағамыз бүгінде 4  баланы тәрбиелеп, немере көріп отыр. Мешітті қайта салу бойынша Исмаил молданың еңбегі зор.

Өкіл имам мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, құрылысшыларға сәттілік тілеп, молдаларына ұйып, уағызын тыңдап, мешіт салуда атсалысып жатқан жамағатқа рахмет айтты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38