Duniekonizdik

DuniekonizdikИемен аймағында тұратын жомарт бір адамның Сана қаласына жақын маңда жүзім және құрма бақшасы болыпты. Ол жинап алған өнімінің бір бөлігін кедей-кепшікке,  пақырлар мен міскіндерге зекет ретінде таратып беретін. Бір күні әлгі кісі өмірден  озады.  Ал, балалары әкесін жерлеп-болар болмастан:

– Отбасымызда бірталай жан бар. Өзімізден артылатын дүниеміз де жоқ. Бұдан былай  ешкімге ештеңе бермейміз, – деп өзара келісіп алады.

Алла Тағала олардың  ниеттеріне қарай бақшаларының астаң-кестеңін шығарып, жермен-жексен етеді. Бақша адам танымастай өзгереді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғанын білмей абыржып:

– Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ауыздарына сөз түспейді.

 Ал, әкесі болса жоқ-жітіктің қажетін өтегеннен  соң, олар қайырымды жанға көп дұға ететін. Соның арқасында  Жаратушы Иеміз бақшаның өнімін арттырып, берекелі етіп қойған-ды. Ал, бұдан дүниеге берілген балаларының хабары қайдан болсын?!  Әкесінің берген зекеті оларға тым көп болып көрінді. Осылайша сараңдық танытамын деп, барынан айырылды. Олардың жүректері қарайып, Жаратушысын ұмытты.  Алла Тағала Құран кәрімде былай дейді: «Ғапылдардан болма» («Бақара» сүресі , 205-аят).

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38