Duniedegi ush dokei

Duniedegi ush dokeiЕрте заманда Наушарбан деген кісі әкесі қайтыс болғаннан кейін орнына патша болып, таққа отырды. Бір күні ғұламаларды жинап кеңес құрды. Наушарбан олардан:

– Дүниеде не нәрсе көркем?- деп сұрады. Отырғандардың әрқайсысы әртүрлі жауаптар айтты. Бірақ, патшаның көңіліне ешбір жауап қонбады. Осы кеңесте кезінде әділ үкім еткен бір ғалым бар еді. Сол ғалым:

– Тақсыр, дүниеде үш нәрседен көркем, абзал нәрсе жоқ. Олар: өлім, әйел және мұқтаждық,- деді. Наушарбан:

– Олай болса, дәлеліңді айт,- деді. Ғалым:

– Өлім әр нәрседен көркем, абзал дедім. Себебі, егер өлім болмаса, әкең өліп таққа отырмас едің. Бұл мемлекет саған тимес еді! – деді. Патша:

– Рас айтасың! – деп мақұлдады. Ғалым:

– Нәрселердің көркемі – әйел дедім. Себебі, егер әйел болмаса сен де дүниеге келмес едің, – деді.

– Рас айтасың! – деп патша тағы да мақұлдады. Ғалым:

– Мұқтаждық әр нәрседен абзал (жақсырақ) дедім. Себебі, егер де мұқтаждық болмаса, мемлекетіңде, қызметіңде, мен сияқты ғалым болмас еді. Сенде әскер болмас еді, – деді.

– Рас айтасың! – деп патша және мақұлдады. Ғалымның жауабына көңілі толған билеуші оған шапан жауып, 100 мың динар сыйлық бергізеді.

 

Аллаберген қажы СМАҒҰЛТЕГІ,

«Нұр-Мұхаммед расулаллаһ» атындағы мешіттің Бас имамы. Семей қаласы.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38