Dunien kabirge dein

    Dunien kabirge deinПайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние-мүлікті өткінші қызық деп бағалаған. Мысалы, ол бір хадисінде адамдардың өмір бойы теріп жинаған дүние-мүліктерінің оларға қабірге дейін ғана серік болып, одан арғысын оның еш қажетіне жарамайтынын айтқан: «Үш нәрсе мәйіттің артынан жүреді: бала-шағасы, дүние-мүлкі және іс-әрекеті. Екеуі кері қайтады, біреуі оның жанында қалады.

Бала-шағасы мен дүние-мүлкі кері қайтып, жақсылы-жаманды іс-әрекеті ғана жанында қалады» (Муслим, Зухд, 2690). Аллаһ Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тағы бір хадисінде:

    «Адам баласы дүнием, дүнием дейді. Ей, адам баласы! Жеп бітірген, киіп ескірткен немесе жақсылық жолында жұмсап өзіңнен бұрын (ақыретке) жібергеннен басқа қандай мал-мүлкің бар?» — деген (Муслим, Зухд, 2959).

Осы хадиске сәйкес Шортанбай ақын:

Алтын-күміс абзалың

Өлгеннен соң не керек?

Өлген малың — иманың,

Тіріде қамын жиғаның.

Аманатын алғанша

Жалғанда бар ма қиғаның, — деп жырлаған.

 

ОҚО Орталық мешіт

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий