Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кішіпейіл жан болған. Өзін сахабалардан бөлекше ұстамай, солардың бірі сияқты өмір сүретін.
Бір күні жолға шығады. Жолай сахабаларымен бір қой сойып, етін пісіруді ұйғарады. Сахабалардың бірі алға шығып, «Уа, Аллаһтың елшісі! Қойды мен сояйын», – дейді.
Тағы бірі алға ұмтылып, «Пісіру менің міндетім болсын», – дейді.
Тағы бір сахаба: «Мен терісін сыпырайын», – дейді. Сөйтіп өз араларында қызметті бөлісе бастайды.
Пайғамбарымыз «Онда, отынды мен теріп әкелейін», – деп түрегелді. Таңғалған сахабалар бұған келіскілері келмеді. «Я, Расулуллаһ, оның бәрін өзіміз-ақ істейміз, сіз тынығыңыз», – десті. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Бұны өздеріңнің-ақ атқара алатындарыңды білемін, бірақ Алла біреудің өзін өзгелерден артық сезініп, бөлектеніп отырғанын қаламайды», – дейді.
ОҚО Орталық мешіт