Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты «Мирқадыр ата» мешітінде шәкірттер арасында Құран Кәрімді жатқа оқу және меңгеру бойынша жарыс ұйымдастырылды. Ізгі шара мешіт имамы Тураббоев Сухрабтың қолдауымен өтті.
Құран жарысы 10 сүре, жарты сүре, 30-пара, 29-пара және 28-пара бағыттары бойынша өткізілді. 30 шәкірт қатысты. Жарысқа қатысқан 15 шәкірт өз білімдері мен дайындықтарын көрсетіп, тиісті бағыттар бойынша I, II және III орындарға ие болды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай игі шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыру, қасиетті Кітапты жаттауға ынталандыру және Құран жолындағы ізденістеріне қолдау көрсету.
Шәкірттердің ұстазы – Мирзаева Мухае.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38