Сейітжан қари мешітінде «Уа, адам баласы…» кітабының аудармашысы, Таңшолпан Әлімжанқызы ұстазымызбен тағылымды кездесу өтті.

Кездесу барысында ұстазымыз кітаптың мазмұны мен мән-маңызына тоқталып, кітаптың таныстырылымын жасады. Ал «Білім шырағы» кітап клубының қыздары оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, жүректеріне түйген ойларын ортаға салды. Кітаптағы кейбір тұстарға қатысты сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Бұл жүздесу жай ғана кітап таныстырылымы емес, біліммен сусындап, ой бөлісіп, рухани нәр алған ерекше басқосу болды.

Жиын соңында ақ жаулықты апаларымыз бен жамағатымыз Таңшолпан ұстазымызға алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Осындай игі кездесулердің берекесі арта берсін! Кітап арқылы жүректерімізге иман нұры ұялап, алған біліміміз амалға айналсын!

Раббымыз оқығанымызды жүрегіне сіңіріп, өміріне өнеге еткен құлдарынан етсін! Әмин!

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38