Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Имани жаз — 2026» атты жазғы діни сауат ашу курсының ашылу шарасы ұйымдастырылды.
Ашылу шарасына ҚМДБ Шымкент қаласы Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров қатысып, жас шәкірттерге сәттілік тіледі.
Аталмыш курс жұмыстарын найб имам Құдайберген Жақып, Қажымұқан Аманқұлов, Саян Ысқақов және қыздар тобына аудандық «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Айнұр Қуанова бастаған ұлағатты ұстаздар атқарады.
Курс барысында ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау бөлімінің тарапынан әзірлеген оқу бағдарламасы аясында жүргізіледі. Мұнымен қатар, биылғы жылы жоба ретінде аудан бас имам, дәстүртаушы- магистр Мұхаммеджан Естеміров курс шәкірттеріне дәстүр құндылықтары (обал болады, сауап болады, күнә болады, тәлім-тәрбие, әдептілік т.б) негізінде дәріс оқиды. Осы тұста айта кетсек, жоба аясында арнайы әдістемелік көрнекілік еңбек әзірлену үстінде. Бұйырса, оқырман қауымға жеткізіледі.
Жалпы, бүгінгі таңда қала бойынша 100 мешітінде күндізгі діни сауат ашу курсында шәкірттер тәлім алады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






