Шымкент қаласы, Абай ауданы, Абдусаттар Сманов мешітінде әйел-қыздар жамағаты арасында Құранның жүрегі — Ясин сүресін тәжуид қағидаларымен мәнерлеп оқудан және Мүлк сүресін жатқа айтудан жарыс өткізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар сүре аяттарын тәжуид қағидаларына сай талдап беруден сыннан өтті.
Мүлк сүресінен қатысушыларға қазақша мағынасынан сұрақтар қойылып, сүре жайлы көбірек мәлімет алуда білімдерін тереңдете түсті.
Әділ қазылар тобы жарыс барысында қойылған бағалар нәтижесінде орын алғандар анықталды. Орын алғандарға мешіт имамы Ергешов Тәңірберген имам мадақтама қағаздарын табыстады. Барлық қатысушыларға да жақсылықта жарысуда қажырлы еңбек көрсеткені үшін жылы ілтипат білдірілді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38