Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен «Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми орталығында имамдардың біліктілін арттыуға бағытталған «Мәзһабтардың шығу тарихы» тақырыбында семинар өтті.
Семинарға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков арнайы қатысып, Исламдағы мәзһабтардың шығу тарихы қатысты дәріс оқыды. Қызықты өткен семинар аясында сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, мазмұнды жауап берілді.
Шымкентке ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен арнайы келген ұстаз Смайыл Сейтбековке шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы барша қатысушылар атынан алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі












