Бүгін Шымкент қаласы бойынша өкілдігі ҚМДБ «Ислам және адал қоғам» жылы аясында төрт бағыты бойынша ауданға қарасты мешіт имамдарының жылдық есебі тыңдалды. Есеп беру форматы көшпелі түрде ұйымдастырылды. Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы бекіткен комиссия мүшелері Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау, Тұран ауданында болып, төрт бағыт бойынша, яғни дәстүр және отбасы, діни оңалту бағыты, діни оқу-ағарту, ихсан және насихат бағыттарына қарасты 28 сала бойынша атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, өкілдік тарапынан кураторлық ететін наиб имамдар тарапынан жылдық нәтижелі жұмыс атқарған мешіт имамдарына алғыс білдірілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



















