Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және Дәстүр және отбасы бағыты бойынша Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Неке және отбасы құндылықтары» атты рухани-танымдық жас отбасылар форумы ұйымдастырылды.
Тұңғыш ұйымдастырылған форум жұмысына шаһар бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, найб имам Ахметжан Керімбек, ардагер имам Бекайдар Әміре, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, ақын және Түркістан облысы, Отырар ауданының құрметті азаматы Құралбек Қосайұлы, белгілі ақын Ақмарал Леубаева, қалалық Салт-дәстүр орталығының қызметкері ақын Нұрлан Есенқұлов және қалалық дәстүр және отбасы бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы қатысып, неке және отбасы құндылықтары жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылады форумға қалалық Жастар және Әйел-қыздар секторы, Әжелер мектебінің мүшелері, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары және жаңадан үйленіп отау құрған жас отбасылар қатысып, тәжірибе жинап, некенің мәні, отбасы құндылықтары, дін мен дәстүр т.б көкейдегі сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.
Айта кетейік, форумның тағы да бір ерекшелігі шаһар бас имамы форум аясында жуырда ғана отау құрған 50 жас отбасыға мұсылман неке куәлігін беруді бір ізгілендіру мақсатында неке куәлігі мен алғыс хат табыс етті. Мұндай игі шара алдағы уақытта әр айдың соңында жас отбасыларды жинап түрлі деңгейдегі кездесулер өткізілетін болып шешілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38