Өздеріңізге белгілі, 23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы III Ұлттық Құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөнінде бастама көтерді. Президенттің тапсырмасы негізінде бұл күн ресми түрде атаулы дата ретінде бекітілген.
Осы атаулы дата күні Шымкент қаласы Абай аудандық Кенесары хан мешітінде игі шара ұйымдастырылды. Негізгі мақсаты — жамағатқа кітап оқу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Мүфтият баспасынан жарық көрген кітаптарды насихаттау жұмыстары қолға алынды.
Айта кетейік, дәл осындай кітап оқуға үндеу шарасы Гауһар ана, Тәжібай ата, Бозарық мешітінде ерекше форматта ұйымдастырылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








































