Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және Қатыра күні дәстүрі аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдігі қала аумағындағы зират орындарын таза ұстау, қабірді зиярат ету тәртібін түсіндіру мақсатында «Өткенге құрмет – тіріге міндет» деген атпен тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Шымкент қалалық Қамқор-Шарапат мекемесі, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұрған аудан әкімдіктері, «Шымкент» медресе колледжінің ұстаздары мен студенттері, мешіт қызметкерлері, қала тұрғындары т.б. азаматтар қатысты.
Ұйымдастырылған тазалық шарасына қалалық тазалық мекемелерінің тарапынан жүк көліктері т.б. техникалар жұмылдырылды.
Шаһар бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Шымкент қаласы аумағындағы 80 зират орындарында жылына екі рет ауқымды тазалық күндері өткізілетіндігін хабардар етіп, ҚМДБ тарапынан қабылданған концептуалды құжат бойынша қабірлерді зиярат ету ережелері мен тәртіптерін кеңінен түсіндіріп берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі








































