ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі семинар өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар аясында Ахметжан Керімбек дін қызметкерлері жан-жақты болуына және ҚМДБ тарапынан жарыққа шыққан маңызды құжатты түсіндіріп, дәріс өтті.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі








