Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінде “Жат ағым бағыты бойынша” көшпелі семинар өтті.
Семинарға Сала жетекшілері мен мешіт ақсалдары қатысты.
Қаратау ауданының имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, Әр имам ДДА өкілдерімен кездеуді тапсырды.
Семинарда сала жетекшісі Аманжол имам жастарымыздың Жат ағымның жетегінде кетпеуін қадағалау барысында, елімізде білім алуды, арнайы бекітілген Медреселер мен Мешіт имамы мен ұстаздарынан тәлім алуды айрықша атап өтті.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде мешіт имам ұстаздарының дәрісінен басқа ұстаздардан сақ болуды, желіде шетелдік дін танушылардың уағыз-насихатын тыңдамауды, лайк басып солардың жақтастарының қатарында болып қалудан алшақ болуға шақырды.





