ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі семинар өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Аталмыш семинар аясында қалалық Тәртіп кеңесінің төрағасы Бекайдар Әміре дін қызметкерлері жан-жақты болуы, уағыз айтуда және бес уақыт намазға берік болу жауапкершілігін міндеттеді.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі








