ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі семинар өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Семинар аясында Самат Анарбаев Дін мен дәстүр кітабына шолу жасап, дәріс өтті.
Жиын барысында сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

























