Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағыты бойынша көшпелі семинар өтті.

Семинарға Сала жетекшілері мен мешіт ақсалдары қатысты.

Қаратау ауданының имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, «Құдайы ас ысыраптың емес, сауаптың жолы» тақырыбында мән беретін жағдайларды қадағалауды тапсырды.

Семинарда Қаратау ауданының «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Нұрақ Шыңғыс имам баяндама жасады.

Сөз барысында Шыңғыс имам Ас беру мәдениетіне қатысты біршама мәселелерге тоқталып өтті.

Ас берерде Асхана, мейрамхана, тойханаларды таңдайтынымыз белгілі. Сол мезетте дастарханның қарапайым болуын, қарызданып артық ысырапшылдыққа жол бермеуді айтып өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38