IMG 5119

IMG 5119

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев Шымкент қаласының бірқатар мешіттерінің діни ахуалы мен танысу үшін қала имамдарымен кездесті.
Кездесу барысында Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің бас имамы Бақдәулет қажы Нұрманұлы қалаға қарасты 104 мешіттің имамдары мен таныстырып, олардың бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы жеке-жеке есеп берді.
Кездесу барысында өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің қойып отырған бірқатар тапсырмаларын жеткізді. Тапсырмалар ішінде, кереғар ағымдардың алдын алу жұмыс туралы, имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі, т.б. мәселелерді кеңінен түсіндіріп берді.
Жалпы, мәжіліс соңында өкіл имам Бақтыбай Қыдырбайұлы Шымкент қаласындағы мешіттердің соңғы уақыттардағы атқарылып жатқан жұмыстарын саралай келе жан-жақты дамыту қажет екендігін тапсырды.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 5128

IMG 5114

IMG 5116

IMG 5119

IMG 5123

IMG 5135

IMG 5143

IMG 5149

IMG 5154

IMG 5166

IMG 5172

IMG 5178

IMG 5183

IMG 5188

IMG 5195

IMG 5200

IMG 5205

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38