Шымкент қаласы, Тұран ауданы бойынша «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің имамы Айтмұхан Ерболсын имамның ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялануына орай, «Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында, имам Ербосын қажы жұмысшыларға «ҚОҒАМДА АДАЛДЫҚТЫҢ, АДАЛ ЕҢБЕК ПЕН АДАЛ БОЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ» және «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ» тақырыптарында әсерлі уағыз — насихаттар айтты. Кездесу соңында, жұмысшылар тарапынан қойылған дін мен дәстүр бағытындағы сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.



