ҚМДБ Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Әль-Фараби ауданы, Әл-Біләл мешіті ұжымының ұйымдастыруымен Асанбай Асқаров атындағы дендросаябақта «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбы аясында, дін мен дәстүр бағыты бойынша медресе шәкірттері арасында спорттық жарыстар өткізілді.

Іс-шара барысында шәкірттер жүгіру, турникке тартылу, садақ ату, ләңгі тебу және асық ату сияқты ұлттық және спорттық ойындардан бақ сынады.

Арнайы жиынға:
• Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді,
• наиб имамдар Ахметжан Пірәліұлы, Мұхаммеджан Естемиров,
• қалалық спорт секторының жауаптысы Ербол Қалшабек,
• Ордабасы мешітінің наиб имамы Жүсіп Рамазан,
• Әл-Біләл мешітінің бас имамы Мұхтар Абсаматов қатысты.

Шара басында қонақтар шәкірттерге құнды насихат айтып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38