Шардара қаласы Шардара ГЭС АҚ мекемесінің мәжіліс залында «Діни сауатсыздық діни экстремизмнің бастауы», – атты тақырыбында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесуге Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы, дінтанушы Д. Байбеков, Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров, ҰҚК – нің өкілі қатысты. Кездесу барысында жалған кереғар Сәләфилік діни ағымның іс – әрекеттері жайында түсіндіріліп, ҚМДБ – ның ұстанып отырған бағыты еліміздің ынтымағын нығайтып, бірлігін арттыру жайында жан – жақты мәліметтер берілді. Кездесу соңында аудан имамы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ІІ республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы маңызды тәлімдік құжатқа тоқталып өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.