Бүгін Шымкент қаласында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен адамзаттың абзалы, екі дүниенің сардары пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – Мәуліт мерекесінің құрметіне тұңғыш жоғары деңгейде «І Облыстық қыздар арасындағы Құран жарысы» мәресіне жетті.
Жарыс барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек қари қыздарымыздың ықылас, пейілдеріне ризалығын білдіре келе, жаңадан сайланған ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтау лебізін жеткізді.
Сондай-ақ, дүбірлі қыздар арысындағы Құран жарысына толық демеушілік жасаушы «UMMET» қоғамдық қорының президенті Мұхаммед-Амин Құрманәлі мырзаға алғысын білдірді.
Атылмыш Құран жарысы 10, 5, 3 және 30-шы пара бойынша жүргізілді. Жалпы, қарилардың көптігіне байланысты жарыс 2 күнге созылды. Жарысқа облыс көлемінде 117 қари қыздарымыз қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша мына қари қыздары жеңімпаз атанды. Атап айтқанда:
10 пара бойынша:
1 -орын Анарқұлов (Арыс қаласы).
2 -орын Хадиршаева Зинира (Мақтарал ауданы).
3- орын Бурханова Мариям (Сайрам ауданы).
5 пара бойынша:
1-орын Сұлтанова Назира (ОҚО орталық мешіті).
2 -орын Наврузова Озодамо (Мақатарал ауданы).
3- орын Музаффарова Зейнеп (Сайрам ауданы).
3 пара бойынша:
1- орын Сейтқасым Жанель (Кентау қаласы).
2- орын Сайдинабиева Амина (Сайрам ауданы).
3 -орын Огаликова Рахима (Сарыағаш ауданы).
30 пара (медреселер арасында)
1- орын Тәжібаева Малика (Шымкент медресе колледжі).
2 -орын Пернеқұл Айжамал (Сарыағаш медресе колледжі).
3- орын Шораева Гүлдана (Сарыағаш медресе колледжі).
30 пара бойынша (мешіт жамағаты арасында)
1 -орын Толкунбекова Қарақат (ОҚО орталық мешіті).
2- орын Сұлтанқұлова Динара (Сайрам ауданы).
3 -орын Рахметбаева Үммугулсім (Еңбек ауданы). Жеңімпаздар жеңістеріңіз құтты болсын!
Жалпы, қасиетті Құран Кәрімді оқу мен жаттау туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің», – деп өсиет қалдырған болса (Имам Бұхари) мына хадисте Құранды жақсылап оқыған, әріптерін дұрыс оқуға машықтанған әрі амал етуге тырысқан мұсылман Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болатынын Айша (р.а.) анамыздан келген риуаяттан көреміз: «Құранды шебер оқуға машықтанған жан Құранды жазуға тағайындалған мәртебелі періштелермен бірге болады. Ал Құранды оқығанда кекештеніп қиналса, екі сауап алады», – деген (ИмамТермизи).
Осы тұста Құран жарысы кезінде тағы бір аңғарғанымыз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бастамасы аясында өткізілген іс шараның баннерлері мен алғыс хат марапат қағаздарындағы мәтіндер латын қарпіне көше бастағанын айтып өту керек.
Алла Тағала ниеттерімізді қабыл етсін.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі