Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында «Өнегелі отбасы —қоғам байлығы» атты семинар болып өтті.
Семинарды ауданның бас имамы Ербол қажы Тастанбекұлы кіріспе сөзімен бастап, жиынды жүргізіп отырды.
Семинарға ауданда орналасқан мешіттердің дін қызметкерлері мен жастар ісі секторы мен әйел-қыздар секторының ұстаздары және біршама жастар қатысты.
Ербол имам арнайы шақырылған қонақ Шымкент қаласы бойынша жастар секторына жауапты Қарабеков Әзімбек Талғатұлын таныстырып, «Өнегелі отбасы —қоғам байлығы» тақырыбында дәріс оқу үшін сөз берді.
Әзімбек имам өз сөзінде, Халқымызда: «Отан – отбасынан басталады», – деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат құрады. Қоғам түзелсе – мемлекеттің мерейі тасып, мәртебесі артады. Сондықтан да, асыл дінімізде отбасы тәрбиесі өте үлкен маңызға ие екендігіне кеңінен тоқталды.
Жиынды қорытындылаған аудан имамы, «Расында ер азаматқа міндеттелетін негізгі борыштардың бірі – отбасына діни тәлім-тәрбие беріп, шамасына сай баспана, нәпақа және киім-кешекпен қамтамасыз ету болса, әйел кісіге күйеуіне бағынып, бұйрығына бойсұынып, отағасы жоқ кезде оның мал-мүлкі мен өзінің абыройын сақтаумен қатар бала-шағаның қасында көпшілік уақытын өткізетін себепті, олардың діни ахуалдары мен тәлім-тәрбиелерін қадағалап, назарда ұстауы қажет. Міне осындай құқықтар ортада сақталған жағдайда ғана өзгеге үлгі бола алатын отбасы болмақ», – деп түйіндеді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




