Шымкент қаласы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен “Ramada” қонақ үйінде  «Қазақ қоғамындағы тарихта есімі қалған аналар» тақырыбында рухани семинар өтті.

Жиынға Шымкент қаласы “Әйел қыздар”секторы жетекшісі Балжан Асылханқызы, белгілі қоғам қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Оразкүл Асанғазы және Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің ұстазы Айжарқын Әмзеқызы және қыз-келіншектер мен ақ жаулықты аналар қауымы қатысты.

Семинар барысында ұлт тарихында орны бөлек аналар бейнесі, қазақ әйелінің көркем образы айқындалып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымына үлгі алар тұстары сөз етілді. Және шариғат пен дәстүрді біріктіре отырып, әйел жамағатына үгіт-насихаттар жасалды.

Оразкүл Асанғазы апамыз әдеп, тәрбие, тектілік, парасаттылық, қазақ тіліне деген жанашырлық, үлкенге құрмет, сыйластық секілді асыл қасиеттерден сөз шертті.
Және де Ақмешіт ұстазы Айжарқын Әмзеқызы қазақ қоғамында есімі тарихта қалған Дарабоз ана,  Бегім ана, Халима Иманғалиева, Нағима әже, Нәзипа Құлжанова, Ақмарал Хайдарқызы, Тіналина Зағыпи сынды қазақ әйелдеріне үлгі болар аналарымыздың өмірлік ұстанымдары мен тәрбиелік маңызы зор оқиғаларымен әйел қауымын тәнті етті.
Қазіргі заманның ең маңызды “Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі” тақырыбы бойынша Балжан Асылханқызы сөз қозғады.
Әйелдің әлеуметтік желіде ұстануы керек болған әдептері мен қалай сөз сөйлеуі тұралы діни үкімдерімен бөлісті.
Кешке қатысқан әйелдер қауымы мол рухани азық алып қайтты.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38