Бүгін, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, «Есжанұлы Сейітжан қары» мешітінде қала орналасқан барлық мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлеріне арналған семинар болып өтті.

Семинарда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің бастамасымен ҚМДБ 35 жылдығына орай, «Дін мен дәстүр» бағытын кеңінен насихаттау және дәстүрлі ислам құндылықтары мен қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында, «Бабалар ізімен Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп», «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптары бойынша арнайы дәріс оқылды.

Дәрісті Шымкент қаласы бойынша «Дін мен дәстүр» саласына жауапты имам Анарбаев Самат қажы оқыды.

Семинарға қаланың бас имамы Абдрахманов Бақдәулет қажы, қалалық дін істері басқармасының бастығы Өнербаев Бақтияр және қаладағы барлық мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері, сондай-ақ, жастар секторы мен әйел-қыздар секторының ұстаздары және әжелер мектебінің белсенді апа-әжелері қатысты.

Семинарды қорытындылаған бас имам Бақдәулет қажы Нұрматұлы, бұл дәрістің аудандарда да жалғасуы қажеттігіне тоқталып, «Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында аудан деңгейінде көшпелі семинарлар ұйымдастыруды және «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптары бойынша аудандағы имамдар мен дін қызметкерлеріне арналған семинарлар мен дәрістер өткізуді тапсырды.
Сондай-ақ, Дін мен дәстүрді насихаттау бойынша подкаст жоба ұйымдастыру, мешіт жамағаттарына арналған «Дін мен дәстүр» I, II, III кітаптары бойынша дәрістің кестесін әзірлеп, сабақтар өткізу және «Дін мен дәстүр» І, ІІ, ІІІ кітаптары бойынша білім сайысын ұйымдастыру керектігін аудан имамдарына жүктеді.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38