Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы «Сейтжан қари» мешітінде «Қазақ даласындағы дәстүрлі ислам құндылықтары» VІ Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттауға арналған қалалық имамдарының «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде Отбасы құндылығы» атты форумы өтті.

Форумға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, ақсақал имам Бекайдар қажы Әміре, Ахметжан Керімбек, найб имам Мұсабек Ақтамберді, «Сембеков и К» қажылық компаниясының төрайымы Ботакөз қажы Сембекова,  мешіт имамдары мен әжелер мектебінің мүшелері, 200-ға жуық азаматтар қатысты.

Игі іс-шара Құран оқумен басталып, қасиетті Құран аятымен ашылды. Форумды ашып, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров жүргізді.  Одан кейін мүфтияттың жыл басынан бері атқарған іс-шаралары туралы баян етілді. Форум бағдарламасына сәйкес  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, қалалық дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев,  ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре, «Сембеков и К» қажылық компаниясының жетекшісі Ботакөз қажы Сембекова баяндама жасады. Сондай-ақ, Шымкент орталық мешітінің найб имамы Мұсабек Ақтамберді «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» құжатын таныстырды, ал қалалық дін мен дәстүр бағытына жауапты Самат Анарбаев «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» тұғырнамасы құжатын таныстырып, хабарлама жасады.

Маңызды қабылданған құжаттарлы насихаттау бойынша бес ауданда түрлі деңгейде жан-жақты іс-шаралар өткізілетін болып шешілді.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған шараны жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Хан тв» т.б. телеарналары түсірілім жасады.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38