ҚМДБ-ның Шымкент қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің қатысуымен Шымкент қаласының әкімі мен ардагерлер кеңесінің қолдауымен Маңғыстау өңірінің киелі орындарына саяхаты ұйымдастырылды.
Арнайы саяхатқа Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев, қоғам қайраткері, заңгер Бекет Тұрғараев, Бауыржан Әлтаев, Шымкент қалалық «Darhan Dala Travel» отандық туризм бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, жазушы Бекшүкір Қарашалов, Нұрбатыр Ақынов, Қабыл Дүйсенби, т.б. ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері болып қатысты.
Ұйымдастырылған саяхат барысында Ақтау қаласында орналасқан Әбіш Кекілбаев мұражайына, Шопан ата, Бекет ата мешіт, кесенелеріне зиярат етілді. Мұнымен қатар, бабалар рухына арнайы оқыған Хатым Құран бағышталды.
Осы орайда, рухани сапарға жан-жақты қолдау көрсеткен Маңғыстау облыс ардагерлер кеңесі мен Жаңаөзен қаласының әкімдігіне және «Сая» шипайжай басшылығына алғыс білдіреміз.
Жалпы, зиярат ету барысында дін мен дәстүр, тарих, зиярат және зиярат ету мәдениеті сынды көптеген ақпараттар алып, ерекше әсермен оралды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі









