ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық Дін істер басқармасы біріп, Ө.Жәнібеков университетінің мәжіліс залында «Жат ағым жолдан арастырады» атты діни оңалту мәселелерінің аймақтық форумы ұйымдастырылды.
Форум жұмысына Шымкент қаласының бас имам орынбасары дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев, ҚМДБ діни оқу ағарту және кадр әлеуеті бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, «Сейітжан қари» мешітінің имамы Ерсін Әміре, ҚМДБ Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Желеуов Дастан т.б. азаматтар қатысып, арнайы баяндама жасады.
Игі шара аясында жастарға қажетті ақпараттар берілді. Атап айтқанда, дін мен дәстүр, түрлі жат ағымдар зардабы, ата-ана қадірі, білім алу, отан және отбасы, әлеуметтік желінің дұрыс пайдалану т.б. өзекті тақырыптар қозғалды. Жалпы форумға 400 студент қатысты.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған форум соңында аталмыш оқу ордасының Басқарша мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабекқызы қатысушыларға алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
















