Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Tulip hall салтанат сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған «Егемен елдің қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік бағдарлама еліміздің тыныштығын, қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әскери және азаматтық борышын абыроймен атқарып жүрген ер-азаматтарға арналды.
Салтанатты шараға Шымкент қаласы бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы Абдрахмановтың тапсырмасымен Қаратау ауданының бас имамы Қалшабек Ербол бастаған бір топ имамдар қатысты.
Жиын барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Отан алдындағы борышына адалдық танытқан әскери қызметшілерді қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Өнерпаз ұжымдар қонақтарға патриоттық бағыттағы арнайы әзірленген концерті мен тағлымды қойылымдарын ұсынды. Мерекелік көңіл-күй ардагерлерден бастап жас әскери қызметкерлерге дейін ұрпақтар сабақтастығын бір арнаға тоғыстырды.