Бүгін ҚМДБ Шымкент қалалық өкілдігі және шаһар әкімдігінің ұйытқы болуымен Қан орталығында «Өмірге үміт сыйла» игі іс-шарасы ұйымдастырылды.

Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қайырымдылық шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, қалалық Дін істер басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев бастаған дін қызметкерлері мен ерікті топ мүшелері қатысты.

«Шариғат қағидасы бойынша қан тапсыру сауапты амал болып саналады», -деді бас имам Бақдәулет Нұрматұлы.

Айта кету керек, игі шараға мешіт қызметкері қатысты.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38