Сейітжан қари Есжанұлы атындағы мешіттің қыз-келіншектер бөлімінде “Намаз діннің тірегі” тақырыбында семинар өтті. Тақырып бойынша презентация көрсетілді. Намаздың маңызы, пайдасы, үкімі, ішкі-сыртқы парыздары, уәжіптері, сүннеттері және намаздағы мәкрүһ болатын әрекеттер, намазды бұзатын жағдайлар т.б. айтылды. Тазалық, ғұсыл, дәрет мәселелері қамтылды. Намазды дұрыс оқу үлгісі көрсетілді. Шәкірттердің сұрақтарына жауап берілді. Семинар соңында сұрақ-жауап айдары болды, сұраққа жауап берген шәкірттерге сыйлықтар берілді.
Әрбір мұсылман 5 уақыт намазына берік болғай!
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі



