Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабында Қаратау ауданы Имамдарының көшпелі семинары болды. “Сайрам жами” мешітінде көшпелі семинарды
Қаратау ауданының Бас Имамы Ербол Қалшабек күн тәртібіндегі Өкілдіктен тапсырылған маңызды жайттар мен бастап, келген қонақтарды таныстырып , сөз беріп отырды. Шымкент қаласы Имамының орынбасары , Қала бойынша “Дін мен Дәстүр” бағытының жетекшісі
Ахметжан қажы Пірәліұлы Шымкент қаласының Бас Имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, “Дін мен Дәстүр” аясындағы біршама тапсырмаларды ашып баяндама жасады. РАНТ және ЖАНТ мүшесі “Есжанұлы Сейітжан қари”мешітінің Найб имамы Дастан Желеуов “Кереғар ағымның зардабы мен Құдайы астардағы жетісі мен Қырқы берудің маңыздылығы “,- жайында баяндама жасады. Қаратау ауданынан Уақыпқа жауапты Ғабит Шахназар “Уақыптың артықшылығы”, жайында баяндама жасады. Жиын соңында Аудан Имамы біршама тапсырмалар беріп,
Ақметжан қажы Имамымыз бата беріп тарқасты.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі



