Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Сайрам елді мекенінде ҚМДБ-ның “Дархан Дала “ жобасы аясында “Қарашаш ана” кесенесіне зиярат жасау шарасын ұйымдастырды. Шара барысында, ауданы имамы Ербол Тастанбекұлы мен «Сайрам жами» мешітінің имамы Мухуддинов Салахитдин қонақтар мен имамдарды бастап кесенені зиярат жасап, “Есжанұлы Сейітжан қары“ мешітінің ұстазы Шоқан қары Нұралыұлы Қасиетті Құран оқыды. Зиярат жасау шарасына Шымкент орталық мешіттің наиб имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы және “Есжанұлы Сейітжан қари” мешітінің бірінші найб имамы Дастан Желеуов қатысып, баталарын берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

