ҚМДБ-ның діни қызмет аясында 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялауына орай, «Дін мен дәстүр» бағытының жылдық жұмыс жоспарында көрсетілген жас отбасылармен кездесу шарасы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында орналасқан «Ар-Рақиб» мешітінің имамы Досумбаев Ержігіттің ұйымдастыруымен өтті.
Игі шараға Шымкент қалалық «Ақмешіт» орталық мешіттің наиб имамы, «Дін мен дәстүр» бағытына жауапты имам Ахметжан қажы Керімбек және Еңбекші ауданының бас имамы Ербосын қажы Бектұрсынұлы, сондай-ақ, әжелер мектебінен бір топ апалар қатысты.
Өнегелі жиынға шақырылған 10 жас отбасыға ер мен әйелдің арасындағы міндеттері мен қарым-қатынастары турасында діндегі өсиеттері мен тәлім-тәрбиесі жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, қасиетті Рамазан айының артықшылықтары жайлы және 1-наурыз «Алғыс айту» күнінің мән-маңызы мен діндегі орны туралы да насихаттар айтылды.
Жиын соңында шараға қатысқан 10 отбасыға тақиялар мен жаулықтар және кітапшалар тарту етілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







