Шымкент қаласы Еңбекші ауданы “Сүлеймен ата” мешіті қасиетті Рамазан айын күтіп алу іс-шарасын өткізді. Жамағат бір шаңырақ астына жиналып, рухани кештің куәсі болды. Игі іс қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, ауданымыздың бас имамы Ербосын Орын жиналған қауымға Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы Хазретіміздің және Шымкент қаласының бас имамы Бағдәулет Қажы Нұрматұлының Рамазан құттықтауын жеткізіп, Рамазан маңызы жайлы уағыз-насихат айтты.
Бұл айдың сабыр мен кешірім, мейірім мен құлшылық айы екені түсіндіріліп, Рамазанның сауабы мол амалдары жайлы айтты.
Кеш барысында «Сүлеймен ата» мешітінің имамы Шадмат Сухраб және Еңбекші ауданының әйелдер жамағатының бас ұстазы Гүлжан Қонарбайқызы ер балалар мен қыздарымызға Құранды мәнерлеп жақсы оқығаны үшін марапат табыстады.
Алла баршамыздың ниетімізді қабыл етіп, Рамазан айын берекелі етсін!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі





