Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне дәстүрлі Құранды мәнерлеп оқу бойынша шәкірттер арасында сайыс өтті. Бұл игі шарада Еңбекші ауданының Құран секторы жетекшісі Абдулов Абдрахим Құран оқуды насихаттап, әйелдердің білім алуы жайлы уағыз насихат айтты . Жарысқа түрлі жастағы әйел жамағаттары қатысты.
Сайыс барысында қатысушылар Құранның Нәбә сүресін жатқа және мәнерлеп оқып, тәжуид ережелерін сақтау бойынша бақ сынады. Әділқазы алқасынан Еңбекші аудандық Тура жол мешітінің ұстазы Исмаилова Насиба қатысушылардың оқу нақышына, мәнері мен дұрыстығына ерекше көңіл бөлді.
Жарыс соңында үздік шыққан 30 қатысушы марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылар бұл шараның алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, жамағатты қасиетті айда Құран оқуға шақырды.







