Кеше, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысы орталық мешітінің найб имамы Бекайдар Қымбатовтың қатысуымен қала және ауыл имамдарының 2017 жылда атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Жиынды Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат жүргізді.
ОҚО орталық мешітінің найб имамы Бекайдар Қымбатов ең әуелі өңір имамдарының атқарған жұмыстарын тексере отырып, «Мақтарал ауданы халқының көңілдері- мақта секілді жұмсақ, мінездері де сол мақта секілді- ақ. Соның ішінде, дін саласында Алла разылығы үшін ерен еңбек етіп жүрген имамдарға мың алғыс. Алла тағалам істеген әрбір істеріңізге разы болып, қайырлы етсін»- деп, жылы лебізін білдіріп, жақсы дәрежеде деген баға берді. Сөз алған аудан имамы Бекзат Сыздықов- имамдардың көркем-мінезді, сонымен бірге бір- бірінің арасында ынтымақтастық пен бірліктің болуын, мешіттерде ҚМДБ бұйрығынсыз ешкімнің де қызмет жасауға болмайтындығын түсіндірді. Өңір имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бекіткен төрт бағыты бойынша жұмыстарға тоқталып есеп тапсырды. Жиналыс соңында осы жылы жақсы қызмет атқарған дін қызметкерлеріне алғыс хат табысталды.
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі