1. ӨМІРІ

Һафизуддин Әбул Бәрәкәт Абдулла бин Аһмад  ән- Нәсефи, Мәуәрәун- Нәһірден шыққан үлкен дін ғалымдарының бірі. Моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Шағатай хандығының аймағында орналасқан  Нәсәф/ Нәһшәб қаласында дүниеге келген. Әбул Бәрәкаттың туған күні анық белгілі емес бірақ Мухаррам айының 9- жұлдызында Һижри жыл санағы бойынша 642 жылында дүние салған Шәмсуләиммә әл-Кәрдәриден ілім алғанына қарайтын болсақ осы жылдарда ілім үйренетін шақта болғанын ұғынамыз. Яғни һижри 7- ғасырдың екінші шейрегінің басында дүниеге келен болуы ықтимал.

Бірақ Әбул Бәрәкаттің іліми тұлғалығының қалыптасуында тек қана Нәсәфтағы іліми атмосфераның ықпалы болды деу қиынға соғады, себебі Нәсәфтә ілім сапары өз мәресеіне жеткен соң ілімін ары қарай шыңдау үшін Саманилардың астанасы Бухара қаласына барып ілім жолын жалғастырған.

  1. ТҰЛҒАСЫ

Кітаптарда Әбул Бәрәкаттың ғұмыр жолы турасында мағлұматтар өте аз кездескенмен Әбул Бәрәкат заһид, тақуа, Арапша және парсы тілін жетік меңгерген, өмір жолын ілім үйренуге, зерттеу жұмыстарына арнаған өз дәуірінің ілім әлемінде  даңқы кең тараған ілімін амалға асыра білген ғалым ретінде танылған. Мысалы Имам Ләкнәуии оны фиқһ, усул, хадис ілімінде дәуірінде теңдесі жоқ ғалым деп баға берген. Ибн Һажар Әсқаланиде әд- Дурарул Қаминә еңбегінде ……. Атағын берген. Ибн Камал Пфаша болса мукаллид табақасының мужтаһиді деген. Имам Ләкнәуи Феваидул Бәһиия еңбегінде ижтиһат есігі Әбул Бәрәкатпен жабылған деген.

Бұның дәлелі ретінде Әбул Бәрәкат Ханафи мазһабының усул және доктринасын әл- Мәнәәр және Кәнзуд Дәқайық еңбегінде, Ханафи- Матуриди кәләмін әл-Умдә еңбегінде жинақтаған, ілім жолыңың рұсқаулығы, іліми қабілетінің аясын көрсету мақсатында тәпсір кітабы Мәдәрикут Тәнзил еңбегін жазып шыққан. Туып өскен ортасының да Әбул Бәрәкаттан бұл турада талабы болатын. Заманының муфассир, мутәкәллим, фақиһ, заһит, үлкен ғалымы ретінде Әбул Бәрәкәт  бұл талапты лайығымен орындағандықтан «Соңғы Мужтаһид» , «Діннің Қорғаушысы» және «Алләмә Жиһан» деген атақтарға ие болған.

Деректерде Әбул Бәрәкаттың кейбір саяхаттарынан сөз қозғалса да  700/1300 жылы Бағдатқа  жасаған саяхаты турасында мағлұматымыз бар. Осы саяхаттын қайтарда Һузистан өлкесінің Изаж қаласында 710/1310  жылы тамыз айында дүниеден өткен.

  • ҰСТАЗДАРЫ

Әбул Бәрәкәт ән-Нәсәфидің діни ілімдерде ансиклопедиялық ілім тұлғасы екендігін ескерсек, көптеген ілім иелерінен пайдаланғанын байқаймыз. Бірақ қолға алған еңбектерінің көпшілігі фиқһ саласында жазылған. Көп жақтылы болған Әбул Бәрәкәттің іліми тұлғалығының қалыптасуына негізгі төрт ұстазы ықпал еткен.

  1. Аһмед бин Муһаммад әл- Аттаби әл- Бухарии ( ө. 586/1190) Әлбетте Әбул Бәрәкаттың бұл ұстаздан бетке бет сабақ алғанын айту қиындыққа соғады. Бірақ Имам Мұһаммедтің Зиядат еңбегіні Әбул Бәрәкаттың басқа ұстазы  Шәмсүл Әиммә Кәрдәридің (ө. 642/1244) әл-Аттабиден, Әбул Бәрәкатттың да ұстазынан сол еңбекті риуат еткендіктен әл-Аттабиде Әбул Бәрәкәттің ұстаздарының арасында көрсетілген.

Аттаби, һанафи фақтһі жәнә тәпсір ғалымы. Мәуәрауннәһір ғалымдарының арасында өзіндік орынға ие болған Аттаби, пәтуа кітаптарымен және Һанафи мәзһәбының негізгі еңбектеріне түсіндірме жазумен ерекшеленген. Әбул Бәрәкәттың ұстазы Шәмсүл Әиммә Кәрдәрии де Аттабидің шәкірті болып Шәрһуз Зиядат еңбегін риуаят еткен.

  1. Шәмсүл Әиммә Муһәммед бин Абдуссаттар әл- Кәрдәрии (ө. 642/1244): һ. 559 даКердерде дүниеге келген, һ. 642 де Бухарада дүниеден өткен және Себезмунда жерленген.

Әл-Кәрдәрии ислами діни ілімдердің барлығынан білікті ұстаздардан дәріс оқыған. Бірақ іліми мұрасын кітап жазумен емес шәкірт оқытуға арнаған. Фиқһ және фиқһ усууілінде аты әйгілі болған. Әбул Бәрәкат та әл-Кәрдәрииден фиқһ ілімін оқыған.

  1. Бедруддин Хазерзаде (ө. 651/1244): Муһаммад бин Маһмуд Абдулкәрім әл- Кәрдәри Бедруддин Хазерзәде, Шәмсүл Әиммә Кәрдәриидің қарындасының ұлы. Хазерзәде лақап аты да «қарындасының ұлы» мағынасына келеді. Әбул Бәрәкәттің Хазерзәдеден фиқһ ілімін үйренгеніне қатысты көзқарастар бар.
  2. Һамидуддин әд-Дәриир ө. 666/1268: Али бин Муһаммед бин Али Нәжмул-Улема Һамидуддин әд-Дәриир, фақиһ, усул ғалымы, муһаддис, муфассир, кәлем ілімі ғалымы. Шәмсул Әиммеден фиқһ ілімін алған. Өзі де көптеген шәкірттерге фиқһ ілімін оқытқан. Әбул Бәрәкатта сол шәкірттердің бірі. Әбул Бәрәкат, Һамидуддин Дариирден көп жылдар дәріс оқыған, ұстазы дүниеден қайтқанға дейін қасында болған. Өсиеті бойынша ұстазының жаназасын Әбул Бәрәкат шығарған және қәбірге де өзі қойған.

 

  1. ШӘКІРТТЕРІ

Әбул Бәрәкат ілім сапарын тәмамдаған соң  Қирмандағы «әл- Қутбиия әс-Султаниия» медресесінде ұстаз болып қызметке бастаған. Маңызды оқулық кітаптарын жазған Әбул Бәрәкат бұл оқулықтарды өзі де оқытқан. Діни ілімдерде өз кезеңінің теңдессіз ғалымдарынан саналған Әбул Бәрәкат көптеген шәкірт оқытқан, бірақ әдебиеттерде екі үш шәкірті ғана жазылған. Бұл шәкірттер Әбул Бәрәкаттан фиқһ ілімін оқыған.

  1. Муфаффериддин Ибунс Саатии ө. 694/1295: Әбул Аббас Музаффериддин Аһмад бин Али бин Тағлиб әл-Бағләбеккии әл-Бағдадии, астономия ілімімен және сағат өндеумен айналысқан әкеіне негізделіп Ибнус Саатии деп танылған. Ибнус Саатии Бағдад та ілім оқыған, фиқһ, усул ілімі, кәләм, арап тілі және әдебиеті ілімдерінде өзін жетілдірген. Бағдатта қайтыс болған. Мәжмәғәл- Бәһрайын еңбегінің афторы. Ибнус Саатии  Әбул Бәрәкаттың Кәнзуд Дақайық еңбегін афтордың өзінен әл-Қутбиия әс-Султаниия медресесінде оқығанын айтқан. Әбул Бәрәкаттың әл-Уәәфии еңбегінде һ. 683 жылында Әбул Бәрәкаттан оқығанын айтқан.
  2. Хусәмәддин Һусәйін бин Али Һажжаж әс- Сығнақии (ө.711/1311): Һанфии фиқһ ғалымы. Ілім үйрену үшін Бағдат және Шамға барған. Һ. 700 де Һидәя еңбегіне түсіндірме жазған, бұл түсіндірме Һидәяның алғашқы түсіндірмесі болып саналады. Мәрв қаласында дүние салған. Жас кезінде Әбул Бәрәкаттан дипломын алған. Ұстазынан Имам Муһаммед Шәйбанидің (ө.189/805) Зиядатын тыңдаған.
  3. Сағдул Миллә уәддин Маһмуд бин Аһмад (ө?): Бұл шәкірті жайлы толық мағлұмат жетпеген.

 

  1. ЕҢБЕКТЕРІ

Һанафи фақиһы ретінде атағы шыққан Әбул Бәрәкат, Түрік-Ислам әлемінде бүгінге дейін жаткен еңбектерімен танылған ғалым, бірақ ол тек қана фиқһ ілімімен шектелмеген, негізгі ислами ілімдер бойынша түрлі еңбектер жазып қалдырған. Бұның себебі Әбул Бәрәкаттың заманында ислами ілімдер даму процесі қарқынды жүріп жатқан, ұстаздық кезеңінде де шәкірттерге жүйелі түрде оқулықтар дайындау талабының ықпалы зор ислами ілімдердің барлығынан кітап жазуына түріткі болған.

Біз де автордың түрлі ілім саласында жазған еңбектерін, сол ілімнің аясында қысқаша баяндап кетуді жөн көрдік. Ілім салаларын алфавит бойынша тізбектеп шықтық. Аворы белгісіз болған, Әбул Бәрәкаттың еңбегі екеніне анық көзіміз жетпеген еңбектерді тізбекке қоспадық. Әл-Куния Фил-Фиқһ, Миярун Назар, Мәнәәфи фи Шәрһин Нәфии, Шәрһу Мухтасарул Мунтаһа сияқты еңбектер авторы белгілі емес еңбектеріне жатады.

  1. Ахлақ

а) әл- Ләаалил- Фәәхира фии улуумил- Әәхиираһ: Һәдииятул- Арифиин еңбегінде авторы Әбул Бәрәкат деп берілген. Әбул Бәрәкаттың ахлақ саласындағы екінші еңбегі.

б) Фәзааилул- Әғмәәл: Амалдардың азбалдығы баяндалған. Ахлаққа қатысты үшінші кітәбы. Сүләймәния кітапханасында қолжазбасы бар.

с) Фәәидә мүһиммә ли дәфғи күлли Нәәзилә Мүлиммә: Негізі бұл еңбектің авторы Әбул Бәрәкат  екендігі анық емес.

  1. Фурууи Фиқһ

а) Әл- Уәәфии: Һанафи фуруу доктринасының ықшаидалған орта деңгейдегі бұл еңбекте Шафии және Малики мәзһабының көзқарастарыда қамтылған. Негізінен Әбул Бәрәкат Һидая кітабына түсіндірме жазуды мақсат еткен, бірақ һидаяға ұқсас кітап жазып шыққан, кейіннен өзі бұл еңбегіне әл-Кафи атты  түсіндірмесін қолға алған. Бұл еңбектің қолжазбасын қолжазба кітапханаларынан кездестіруге болады.

б) Кәнзуд Дәқайық:Һанафи мәзһабында барлық мәзһаб мүжтаһидтері қабыл еткен негізі төрт мәтіннің бірі Әбул Бәрәкаттың Кәнзуд Дәқайық мәтіні.Бұ еңбек автордың әл- Кәфии еңбегінің ықшамдалған түрі. Кәнзуд Дәқайық атты бұл еңбек XIX. Ғасырда Шамда және әл-Әзһар университетінде оқулық ретінде қолданылатын, бұл еңбектің түсіндірмелерімен бірге бірнеше басылымы жарияланған.

с) әл-Кәфии фи шәрһил Уәфии: Кітаптың атынанда байқалып тұрғандай,автордың өзінің әл-Уәәфии еңбегіне жазған түсіндірмесі болып келеді. Кітаптың кіріспесінде Һидая еңбегінің кемшілігін толықтыру, анық емес жерлеріне түсіндірме беру мақсатында  жазылғаны айтылған.

д) әл-Мустасфа: Бұл еңбек Насируддин әс-Самарқандидің (ө.656/1258) фиқһқа қатысты жазған әл-Фиқһун Нәфии еңбегінің түсіндірмесі. Әбул Бәрәкат кітаптің кіріспесінде бұл кітапты ұстазы Кәрдәрии және әд-Дәриирдің сабақтарында үйренгендерін және да басқа да қосымша фиқһ кітаптрынан үйренгендерінен құрастырып жазып шыққанын айтқан. Имам Сәрәхсидің (ө-483/1244) атақты әл-Мәбсуут еңбегінен де пайдаланғанын айтқан.

  1. Кәләм

а) әл-Умдә: Әбул Бәрәкаттың (ө.710/1310) діннің негіздеріне қатысты жазған еңбегі. Әһли Сүннет уәл Жамағат ақайыдының негіздерін шолу жасалған бұл еңбек медресе шәкірттеріне кіріспе мәтін ретінде жазылған. Бұл еңбекті W. Cureten есімді ағылшын ғалымы “The Pillar of Creed” деген атпен ағылшыншаға аударған, арапша мәтінмен қоса жариялаған. Туркиялық Кәләм ғалымы Темел Яшилюурт ұстазымыз Түрік тіліне аударып шыққан.

б) әл-Итимәд фил- Итиқат: Әбул Бәрәкаттың әл-Умдә атты еңбегіне жазған түсіндірмесі. Систематик Кәләм лімінің тақырыптарын толық қамтыған, тілі жеңіл және түсіндіру стилі шәкірттерге ығайланған бұл еңбек медреселерде оқулық ретінде қолданылған. Афтор бұл еңбегін һ. 689 да тәмәмдаған. Туркиялық ғалымдардан Муһаммед Языжы және  Темел Яшилюурт бұл еңбекке қатысты екі зерттеу жұмымысын жүргізген.

  1. Тәпсір

а) Мәдәрикут –Тәнзил уә Һақйықут Тәуил: Әбул Бәрәкаттың тәпір саласындағы жалғыз еңбегі. Мақаламыздың тақырыбына арқау болған бұл еңбек алдағы беттерде жеке талқыланады.

  1. Усуулу- фиқһ

а) Мәнәрул- Әнуар: Автордың усуулу-фиқһа қатысты еңбегі. Пәздуидің (ө.482/1089) Мәнәрул-Усуулінің түсіндірмесі деушілер де бар. Әбул Бәрәкат бұл қысқа-нұсқа мәтінге өзі «Кәшфул-әсрәәр» деп тгсіндірме жазып шыққан, бірнеше усуулу-ыиқһ ғалымдары да бұл еңбекке түсіндірме жазған. Ислам елдерінің көптеген аймақтарында ғасырлар бойы медреселерде түсіндірмелерімен қоса дәріс кітабы ретін оқытылған. Қысқа –нұсқа болған бұл мәтін усуулу-фиқһ ілімінің негізгі тақырыптарына тоқталуы тұрғысынан усуулу- фиқһқа кіріспе кітабына лайық болып табылған.

б) әл-Мунәввир фии шәрһил-Мәнәәр: Деректерге сүйенсек  Әбул Бәрәкат Мәнәрул-Әнуар еңбегіне екі түсіндірме жазған. Қысқа және ұзын түсіндірме. Бұл еңбек автордың қысқа түрдегі түсіндірмесі. Бірнеше қолжазбасы кітапханалардан табылған.

с) Кәшул-Әсрар фи шәрһи Мәнәрул-Әнуар: Автордың Мәнәрул-Әнуар еңбегіне жазған түсіндірмесі. Әбул Бәрәкат Бухара елінде және басқа да ислам елдерінде Имам Пәздәуии және Имам Сәрахсидың усуулдарына шәкірттерің ынта-жігерін көрген соң осы  имамның усуул еңбектерін ықшамдаған. Бұл еңбек, ілім ордаларында «Муасннифтің шәрһі» деп танымал болған. Еңбек қолжазба және басылған күйінде де бүгінге дейін жеткен.

д) Шәрһул- мунтаһаб фи Усуулил-Мәзһәб: Аһсиикесідің (ө. 644/1246) усуулі фиқһқа қатысты жазған әл-Мунтәһәб фи Усуулил- Мәзһәб деген ықшамды еңбегіне автордың жазған түсіндірмесі.Бұл еңбекке Һанафи мәзһәбының  танымал фақиһлері де түсіндірме жазған. Бұл еңбек түрік тіліне аударылған.

 

  Шырынхан Ербол «Тәжібай ата» мешіті имамы

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38