Шүкір сөзі араб тіліндегі «шә-кә-ра» түбірінен шыққан және шүкіршілік ету, берілген нығметті білу, жасалған жақсылықты анық көрсету, жақсылық жасағанды мақтау, надан болмау дегенді білдіреді. Шүкіршілік дегеніміз – жасалған жақсылықты біліп, оны тарату, жақсылық жасаған адамды еске алу, жақсылыққа шүкіршілік ету, жақсылық жасаушыны көркем түрде еске алу, Алла Тағалаға, берген нығметтеріне қуанышын білдіру. Алла Тағалаға разы болғанын көрсету, жасалған жақсылықты бағалау деген мағыналары бар.

Шүкіршілік қасиетті Құран Кәрімде 75 аятта айтылады және Құранда назар аударатын маңызды тақырыптардың бірі. Өйткені шүкір ету – берілген нығметтерге разы болуды білдіреді. Демек, шүкіршілік ету – иманның белгісі. Өйткені иманды адам Алла Тағаланың берген барлық нығметтері мен ризық-несібесін түсініп, оны берген Аллаға мадақ айтып, шүкіршілік етеді; жасалған барлық сұлулыққа шүкіршілік сезінуді және мұны жеткізуді қалайды. Бұл тақырып аясында біз Құрандағы шүкір туралы бірнеше аяттарды қарастырамыз.

Алла Тағала Құранда шүкіршілікті көп мағынада қолданған. Сондықтан Алла Тағала Мұса пайғамбарды (ғ.с.) қырық күндігіне қасына шақырғанда, Мұса пайғамбардың (ғ.с.) қауымы бұзау жасап, оған табыну арқылы Аллаға ширк қосады. Қырық күн өтіп, қайтып келген сон Мұса (ғ.с.)  қауымын бұл жағдайдан тыяды, сосын қауымы да Аллаға тәубе етеді. Бірақ Алла Тағала бұларға шарт қосады. Бұл – шүкір ету. Олардың кешірімдерін шүкір етулеріне байланысты қылады. Сондықтан Алла Тағала: «Сонан кейін де сендерді шүкіршілік етер деп кешірдік» дейді.

Шүкіршілік – надандықтың қарама-қайшы мағынасы болып табылады. Аятта Алла Тағала: «Ендеше мені еске алыңдар, мен де сендерді еске аламын; Менің нығметтеріме шүкіршілік етіңдер және күпірлікпен кәпір болмаңдар» деп айтады. Себебі, сен Алланы еске алсаң, Алла да сені еске алады, деген сөз. Осылайша Алла Тағала өзі берген барлық нығметтерге, ризық-несібелеріне разы болып, Оған шүкіршілік етуді бұйырады.

Осылардан кейін аяттың соңғы бөлімі надандық туралы. Аятта Алла Тағала екі нәрсенің орындалуын, бір нәрсенің орындалмауын қалайды. Оның тыйым салғаны – надандық. Өйткені Алла Тағала надандық жасағандарды жақсы көрмейді. Ендеше, Алланың разылығын тауып, Алланың айтқанын орындау үшін әр нәрсеге разы болып, шүкіршілік етіп, надандық жасамау керек.

Алла Тағала әр нәрсені бір мақсатқа сай жаратқан. Басқа сөзбен айтқанда, дүниедегі әрбір тіршілік иесінің міндеті бар. Осыған сәйкес адамның да көптеген міндеттері бар. Адамның ең маңызды міндеттерінің бірі – жаратушысы Алла Тағалаға құлшылық ету. Осыған сәйкес аятта: «Жоқ, олай емес, Аллаға ғана құлшылық қыл. Және шүкірлік етушілерден бол» делінген. Бұл аят Мұхаммед (ғ.с.) Пайғамбар және барша адамзатқа үндеп, Алла Тағалаға құлшылық ету керектігін айтады. Оның үстіне, бұл аяттағы тағы бір сөз тіркесіне келетін болсақ, адамның қолындағы нығметтері, ризық-несібесі және бар нәрсесі үшін Алла Тағалаға шүкіршілік етуі және олардың қадірін білуі керек, ал егер солай істесе, шүкір етушілер қатарынан болады, дегенді білдіреді.

Алла Тағала әр шүкір етуші үшін ғибрат барын жеткізген. Себебі ғибраттарды көру үшін – шүкір ету керек. Негізінде, аятта: «Егер Алла Тағала, желді басады да, кемелер қозғалмай теңіздің ортасында қалады! Әрине, бұл жерде сабырлы және шүкіршілік етушілер үшін көп ғибрат бар».

Бұл аяттың 2 маңызды тұсы бар; бірі – сабыр, екіншісі – шүкір, деуге болады. Өйткені сабыр мен шүкіршілік бір-бірімен астасып жатыр. Кез келген пәлекетке сабыр етіп, молшылықта шүкіршілік ету керек. Демек, Алла Тағала ғибрат алуды шүкір етумен байланыстырған, тек шүкір етушілер ғана ғибрат алады, деп айтқан.

Шүкір ету нығметтерді арттырады. Өйткені мұны Алланың өзі мәлімдейді. Алла Тағала қалаған құлына нығметтерін береді, қалағанына бермейды, ал қалағанына нығметін арттыра алады. Дегенмен, мұның бір шарты бар, ол – шүкіршілік ету.

Кімде-кім Алла Тағалаға шүкіршілік етсе, Алла Тағала оған нығметтерін молынан береді. Себебі Алла Тағаланың өзі мұны уәде еткен және Алла Тағала ешқашан уәдесін бұзбайды. Сондықтан кім нығметінің көбеюін қаласа, Аллаға әрқашан, әр жағдайда шүкір етуі керек.

Шүкіршілік адамды жамандықтан, Алла Тағаланың азабынан сақтайды. Шүкіршілік – қорғайтын қалқан сияқты, кім шүкіршілікке сүйенсе, Алла Тағаланың қаһарынан сақтанған болады. Сондықтан аятта: «Неліктен Алла сендерді нығметке шүкір етіп, иман келтіргенсоң азаптасын? Алла Тағала амалдарыңды бос қалдырмайды және бәрін Білуші».

Егер пенде Алла Тағаланың бұйырғанын орындаса, оны жазаламайды. Өйткені Алла Тағала күпірлік еткендерді және Өзіне серік қосқандарды ұнатпайды және оларды өте қатты азаптайтынын хабарлайды. Дегенмен, иман келтіріп, ізгі амалдар жасап, қолындағы нығметтерге шүкір етушілер үшін сүйінші хабар бар. Өйткені Алла Тағала құлын жақсы Біледі және кімнің шүкір етуші екендігін, кімнің надандық ететінін де жақсы Біледі.

Кімде-кім Алла Тағалаға шүкіршілік етсе, Алла Тағала оған да шүкіршілік етеді. Алла Тағаланың шүкіршілігі – құлдарының жасаған жақсылықтары мен игі істері, қанағат пен шүкіршілік еткендері үшін беретін сыйы. Олай болса, пенде Хақ Тағаланың азабынан құтылу үшін Оның тыйым салған нәрселерінен ұзақ болып, бергеніне разы болып, шүкір етуі керек, деген сөз.

Шүкіршілікті пенде өзі үшін істейді. Яғни шүкіршілік Алла Тағалаға емес, адамның өзіне пайда береді. Өйткені Алла Тағала бұған мұқтаж емес. Сол себепті шүкір етуші пенде шүкіршілігін өзі үшін жасайды.

Осыған сүйене отырып, аятта былай делінген: «Лұқманға Аллаға шүкіршілік ету үшін хикмет бердік. Кім шүкір етсе, тек өзі үшін шүкір етеді. Кімде-кім күпірлік етсе, расында Алла еш нәрсеге мұқтаж емес және ешкімнің мақтауына мұқтаж емес».

Аяттан түсінгеніміздей, шүкір етуші – тек өз пайдасы үшін жасайды. Негізінде бұл жердегі хикмет – Алла Тағалаға шүкіршілік етуді білдіреді. Сол себепті шүкір етуші өз пайдасы үшін ғана шүкір етеді. Хақ Тағала ештеңеге, тіпті мақтауға да мұқтаж емес. Олай болса, шүкір ету дегеніміз – берілген хикметтің қадірін білу. Сондықтан Алланың берген барлық нығметтерінің қадірін біліп және шүкір етіп, надандықтан аулақ болу керек. Сонымен қатар адамдардың Алла Тағалаға деген надандық мінез-құлқын жою үшін діни тәрбиенің рөлі де маңызды.

 Негізі адамдар – аз шүкіршілік ететін жаратылыс. Өйткені Алла Тағала барлығын адам үшін жаратқан. Дегенмен Хақ Тағала әлемді, өсімдіктерді, жемістерді, жан-жануарларды, жаңбырды, қарды және барлық тіршілік иелерін адамдарға пайдалы болу үшін жаратқан. Алайда адамдар мұны білмейді, Алланың берген бұл нығметтеріне шүкіршілік етпейді немесе өте аз шүкіршілік етеді. Өйткені адам баласы көбіне шүкіршілік етпейтін жаратылыс.

Осыған орай Алла Тағала аятта былай деген: «Расында сендерге жер бетінде күш-қуат пен мүмкіндік Бердік және сол жерде нәпақа табудың жолдарын Бердік. Біздің нығметтерімізге шүкіршілік етпейсіңдер ме?»

Аятта айтылған шүкіршілік; Алланың берген сыйлығын бағаламау деген сөз. Себебі адам – Алланың берген ризығы мен нығметінің қадірін білмейді, деген сөз. Өйткені жалқау адам солай істейді. Ал, ризығын іздеген, табысқа жеткен еңбекқор адам ғана шүкіршілік етуді біледі. Себебі ризық-несібе алу үшін көп күш салу керек, әйтпесе жатқан адам еңбек етуді де, шүкір етуді де білмейді. Негізінде, адамдар ойлануы керек, өйткені Алла Тағала, адамдарға дүниеде түрлі мүмкіндіктер берген. Себебі Алла Тағала өзендерді, тауларды, теңіздерді жаратты, бірақ адам баласы осының барлығы үшін Алла Тағалаға өте аз шүкір етеді. Керісінше пенде, сансыз нығметтер бергендігі үшін Оған көп-көп шүкір етуі керек еді.

Алла Тағала кейбір аяттарда адамдарға берген нығметтерін мысалдармен келтіреді. Хақ Тағала қалаған құлдарына нығмет береді, сонымен бірге құлдарын осы нығметтерімен сынайды. Яғни, «құлым алған нығметіне шүкір ете ме, әлде надандық көрсете ме» деп, сынайды. Алла Тағала расында да адамдарға шүкір етулері үшін көптеген мысалдар келтірген.

Бұлар: кемелердің Алла Тағаланың әмірімен, желдің көмегімен теңізде қозғалуын және олар арқылы ризық іздеуін жеңілдетті. Бұлардың барлығы адам баласына берілген нығмет, Алла Тағала нығметтерді құлына беріп, «құлым шүкір ете ме, жоқ па» деп сынақ-емтиханнан өткізеді. Оның үстіне Алла Тағала, Сәбә қауымын мысал келтіреді және оларға Раббының көркем ризық-несібесін жеп өмір сүрулері үшін 2 керемет; әдемі бау-бақшасы бар үйлерде және керемет қалада тұруға мүмкіндік бергенін тілге тиек етеді. Бұл орында да Алла Тағала пенделерін – шүкіршілік ететін құлдардан бола ма, әлде шүкіршілік етпей, надандықпен, ғапылдықпен өмір сүре ме, осыны сынайды, әрі тексеретін болады.

 Ибрагимов Фарман Книязович

Шымкент медресе колледжінің ұстазы

Исламтану Магистрі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38