Құран үйрену мен үйрету істердің ең абзалы. Әр әріпі сауапқа тұнған Құранды үйрену әрбір жанға міндет. Мешітке келіп Құран оқуды үйреніп қана қоймай мұсылманға лайық әдептерді бойына сіңіру жақсы әдет.
Осындай тәлім мен тәрбие аясында Еңбекші ауданы Исамиддин баба мешіті Әйел қыздар секторы ұстаз Гүлжан Қонарбайқызы сабаққа келген шәкірттер арасында “Құранға қадам” атты Құран үйрену курсының қорытынды кешін өткізді. Бұл кеште 3-ай бойы сабаққа қатысып Құран оқуды үйренген қыз-келіншектер марапатталды. Кеште шәкірттер өздерінің әсерімен бөлісіп, сый сияпатқа бөленді.
Ынталы да ықыласты осындай 20 шәкіртке арнап арнайы Тәж кигізді
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі