Еңбекші аудандық «Тура Жол» мешітінде әйел-қыздар секторы Насиба Исмаилова ұстаздың бастауымен әйелдер жамағатына “Табыс табу жолындағы адалдық” жайында ашық сабақ өтті.
Сөз басында Алла Тағаланың қасиетті Құран Кәрімде: “Ақиқатты жалғанмен араластырмаңдар және біле тұра ақиқатты жасырмаңдар» (Бақара сүресі, 42-аят) аяты сөзге алынып қазіргі замандағы алаяқтықтың түрлері айтылды. Оның қоғамға тигізетін зияны, одан сақтану және кісі ақысын жемеу туралы жамағатқа насихатталды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі