Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы “Ибрахим ата” мешітінде “БАБАЛАР ІЗІМЕН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП” — атты танымдық- рухани семинары аясында
Шымкент қаласы, Абай ауданы “Бибісара ана” мешітінің Имамы, Шымкент қаласы бойынша “ Дархан Дала” бағытының жетекшісі Самат Сапарханұлы Анарбаев арнайы қатысып, семинар өткізді.
Семинарда:
“Жігіттің сыны “ жайлы баяндама жасалды.
Шал Құлекеұлы былай деген екен:
Жігіт сыны:
Бір жігіт бар-құр жан,
Бір жігіт бар-тірі жан,
Бір жігіт бар- жігіт жан.

Құр жан дейтін – кеудесінде жаны бар, еш нәрсені бітірмейді.
Тірі жан дейтін- бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу , шоңқима етік, үкі тағып, әркімді бір сықақ қылар.
Жігіт жан дейтін – сегіз қырлы , бір сырлы болар.

Жиын соңында
Қаратау аудан Имамы Ербол Қалшабек алғысын айтып, дұға жасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38