Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы, Қаратау ауданы “Ибрахим ата” мешітінде “БАБАЛАР ІЗІМЕН ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ МҰСЫЛМАНДЫҚ МЕКТЕП” — атты танымдық- рухани семинары ұйымдастырылды.
Қаратау аудандық “Байғұт баба” мешітінің Бас Имамы Ербол Қалшабек Шымкент қаласының Бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, Муфтияттан келген Бағдарлық баяндаманы таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселерге тоқталды. Семинар аясында бес бағытқа басымдық беріліп, жылдық есепке дайындықтың пысықталуы сөз етілді. Келген қонақтарға сөз берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38