Шымкентқаласы «Әйел-қыздар» секторы, Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінің жанынан ашылған «Jannat_bagy» қыз-келіншектер рухани даму мектебінің(клубының) және  Қаратау ауданы Есжанұлы Сейітжан қари мешіті әйел-қыздар бөлімі шәкірттерінің жұмыла ат салысуымен мәуліт айында ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  құрметіне рухани кеш ұйымдастырылды.
Мәуліт кеші Есжанұлы Сейітжан қари мешітінің Аль-Фараби конференция залында өтті.
Кешті қаланың бас имамының нәйібі Мұсабек Ақтамберді және Есжанұлы Сейітжан қари мешітінің нәйіп имамдары Желеуов Дастан мен Яхия Иса имамдардың құттықтау сөздерімен ашылды.
Кештің ашылу Құранын зағип жанды Умаралиева Мамура оқыды.
Бұл кеште Түркістан облысы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әбиева Еңлік, Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан,  Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің ұстазы Түзелова Айжарқын ұстаздардың уағыздарымен сусындандырылды.
Онымен қоса мәуліт жыры , иләһи әндер, арнайы «Арт Театр» театрінің қатысуымен спектакльдік көрініс көрсетілді. Кеш соңында келушілерге сыйлықтар таратылды. Ең маңызды тосын сыйлық, ол келген 1300 көрерменнің арасынан бір кісіге Умра сапарына жолдама берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38