Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына «Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) сағыныш» атты мәуліт кеші өтті.
Осы кешке 1300 әйел кісі жиналды.
Кеште келуші жамағатты тосын сыйлық күтуде еді. Ол қасиетті мекендердегі Умра сапарына жолдама еді.
Кешке келушілерге нөмірленген билеттер таратылды. Кеш соңында нөмерленген билеттер барабаннан айналдырылып кездейсоқ таңдалды.
Алланың Умра жолдамасы нәсібі Ықылас қарилер орталығы шәкірті Жақсылық Гүлсезім Дарханқызына бұйырды.
Тәрбиесін Құраннан алған, ата-анасына құрметі зор қызымыз жолдаманы қолына алғаннан, жолдамасын әкесіне атады.
Раббым екеуіне де қабыл болған сапардан етсін және осы жолдаманың демеушісі Arafa travel компаниясының ұжымына мол береке берсін деп тілейміз.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі