Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфтидің үстіміздегі жылды «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы жариялауына орай, «ҚМДБ қайырымдылық жаршысы» атауымен Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің ұжымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Шараға демеушілік жасаушы «Әжелер мектебі» құрамының жетекшісі Қалдыкүл қажы Жұмабекқызы бастаған қажы апаларымыздың көмегімен мүмкіндігі шектеулі, көп балалы 10 отбасыларға қаржылай көмек үлестірілді. Алла Тағала мол сауаптар жазсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі