ҚМДБ Шымкент қаласының Бас имамы Бағдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен, Тұран ауданының Бас имамы, Құрбанбаев Батырханның бастамасымен, Тұран ауданы «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруыменен «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып өтті.
Қайрымдылық шараға Тұран ауданына қарасты имамдар менен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар және көп балалы аналар қатысты.
Қайрымдылық шарада оқушыға керекті заттар алынды. Атап айтсақ: мектеп сөмкесі, оқушыға арналған құрал жабдықтар т.б заттар алып берілді. Жалпы қайрымдылық шара аудан бойынша 90-балаға үлестірілді.
Шара барысында Тұран ауданының Бас имамы, Құрбанбаев Батырхан барша көмекке мұхтаж отбасыларға уағыз-насихатын айтып, ұрпақтарыңыздан білімді, үміттеріңізді ақтайтын, елге адал қызмет ететін қайырлы ұрпақтардан болуды нәсіп етсін деп дұға жасады.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі