Бүгін Шымкент орталық мешітінде ҚМДБ-ның «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «ЖАС КЕЛІН ӘДЕБІ» атты рухани танымдық семинары өтті.
Семинарға Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұсабек Ақтамберді, дінтанушы-магистр Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Дін мен дәстүр» бағытының жетекшісі Ахметжан Керімбек, қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанова, «Әжелер» мектебінің мүшелері, ұстаздар мен қонақтар қатысты.
Танымдық семинар барысында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы «Халық (жаратушы Алла) разылығын халыққа қызмет етуден табасу» тақырыбында баяндама жасады. Осыдан кейін, көп жылдық тәжірибесі бар акушер гинеколог, балалар дәрігері, медецина магистрі Байдәулетова Айжарқын Омарқызы «Бала көтеру және емізудің қыр-сырлары» бойынша хабарлама жасады. Және Шымкент орталық мешітінің ұстазы Айжарқын Әмзеқызы «Келін мен ене және бала тәлім-тәрбиесі» жөнінде әсерлі баяндама жасады.
Рухани танымдық, тәлімдік семинары жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты тұщымды жауаптар берілді. Бұл бағыттағы басқосулар алдағы уақытта жиі өткізілетін болып шешілді.
ҚМДБ-ның Шымкент
қаласы бойынша баспасөз қызметі